31 Наурызда Үндістан билігі пандемияға байланысты барлық шектеулерді алып тастайды

26 Наурыз 2022, 06:14
1608
Бөлісу:
31 Наурызда Үндістан билігі пандемияға байланысты барлық шектеулерді алып тастайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұлтуралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Шектеулердің толық жойылуы вирусты жұқтыру деңгейінің төмендеуі нәтижесінде мүмкін болды. Қазіргі уақытта елде коронавирус жұқтыру деңгейі 0,28%-ды құрайды. 

Үндістанның Денсаулық сақтау және отбасылық әл-ауқат министрлігінің мәліметінше, соңғы тәулікте елде 1 178 жаңа инфекция жұқтыру дерегі анықталды. 

Пандемия кезінде ауырғандардың саны 43 миллион болды, инфекцияның салдарынан 517 мың адам қайтыс болды.

Өзгелердің жаңалығы