31 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғадық - министр

29 Желтоқсан 2020, 09:48
1224
Бөлісу:
31 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғадық - министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Үкімет отырысында  мемлекеттік еңбек инспекторының мәртебесі өскенін айтты.

Биылғы жыл бойы еңбек инспекторлары 4,2 млрд теңге көлемінде анықталған жалақы қарыздарын өтей білді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 31 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Жалақы берешегін уақтылы өтеуді күшейту мақсатында биыл заңнамалық түрде мемлекеттік еңбек инспекторының жұмыс берушіге беретін ұйғарымының мәртебесі сот орындаушының бұйрығына теңестірілді. Бұл жалақы қарыздары үшін жұмыс берушілерге қосымша есепшоттармен мүлікке тыйым салу, елден шығуға шектеу шараларын қолдануға мүмкіндік береді, - деді министр. 

Ол осы ретте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әкімдіктермен бірге еңбек тәуекелі картасы аясында жұмысшылардың жұмыстан босатылу қаупі бойынша апта сайын мониторинг жүргізіліп отырғанын айтты.

Биыл 1200 кәсіпорында 15 700 адам жұмыс уақытын икемді режимге ауыстырды. Өз кезегінде жұмыс орындарын сақтау бағытында Үкімет тарапынан шұғыл шаралар қабылданды. Карантин кезінде табысының жоғалтуына байланысты азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшеріндегі әлеуметтік төлем берілді, - деді Нұрымбетов.

Өзгелердің жаңалығы