Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің еуропалық аумағында орналасқан циклонмен байланысты атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
Кей жерде қар түрінде жауын-шашын жауады. Кей жерде жел күшейеді, тұман, солтүстік аудандарда көктайғақ, оңтүстікте найзағай күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Қосатанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман, жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Атырау облысының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар, Қарағанды облыстарының түнде және таңертең кей жерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан, Маңғыстау облыстарында, таңертең және күндіз Қызылорда, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының түнде Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.