Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін онлайн брифинг кезінде ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
Ауылдағы мектептердің көбінде интернет жоқ десек, ол тек ауылдағы мектептерге қатысты мәселе емес. Біздің кейбір үлкен немесе шағын қалаларда жалпы техникалық мүмкіндік болғанның өзінде біраз оқушыларымыздың үйінде компьютер мүлдем жоқ. Техникалық мүмкіндігі бар балаларды интернетке қосу мәселесі де бар. Сондықтан жергілікті атқарушы органдар бұл бағыттағы жұмысты бастап кетті. Техникалық мүмкіндігі бар, бірақ интернетке қосылмаған балаларды интернетке қосу жұмыстарын бастап, әкімдіктер бұл жұмыспен қызу айналысуда, - деді министр.
Министр тағы бір үлкен проблеманың бірі - компьютердің жетіспеушілігі екенін жеткізді.
Интернеті, техникалық мүмкіндігі бар, бірақ компьютері жоқ деген 300 мыңнан астам бала бар. Оларға қатысты ақпарат жеткілікті. Сондықтан бұл мәселені шешудің екі жолын көріп отырмыз. Бірінші - біздің мектептердің балансындағы компьютерлерді балаларға уақытша беру. Бұл жұмысты бастадық. Мысалы, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары белсенді жүргізіп жатыр. Айталық, Алматы қаласы 10 мыңнан астам компьютерді таратып үлгерді. Мектептердің компьютерлерін уақытша пайдалану бойынша арнайы актімен ата-аналарға, балаларға беріп жатырмыз, - деді ол.
Асхат Аймағамбетов мектептерде де компьютерлер жеткіліксіз екендігін жасырмады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, әр облыс, қала, аудандарда әдістемелік көмек көрсету бойынша Call-орталықтар жұмысын бастайды. Бұл туралы бүгін онлайн брифинг кезінде ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.Біз қосымша компьютерлер сатып алу жұмысын жүргізіп жатырмыз. Біздің ойымызша, 80 мыңға жуық компьютер сатып алынады. Оның ішінде компьютерлер, планшеттер бар. Тиісті талдау жасап көрдік. Жалпы, еліміз бойынша осынша компьютер саны жеткілікті деп айта алмаймыз. Сондықтан бірнеше жерден іздеп, компьютер бар жерден компьютер алып, жоқ бола планшеттер алып, түрлі жолдарын қарастыру арқылы шешіп жатырмыз, - деді министр.