300-ден астам түлек ҰБТ-ға тыйым салынған заттарды алып кірген

7 Шілде 2022, 12:31
1548
Бөлісу:
300-ден астам түлек ҰБТ-ға тыйым салынған заттарды алып кірген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры Руслан Емелбаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде айтты. 

ҰБТ-ға тыйым салынған заттарды кіргізу әрекеті мен ережені бұзу саны біршама азайғанын атап өту қажет. Былтыр ҰБТ-ға 756 түлек тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысса, биыл 327 жағдай тіркеліп отыр. Екі есеге азайған. Бұл 2020 жылы ереже бұзуға тырысқан түлектерді ҰБТ-ға  кіргізбеу туралы норманың енгізілуі мен әрбір тестілеушіге фронтальды камераның орнатылуына байланысты болып отыр, - деді ол.

Емелбаевтың айтуынша, 2019 бен 2022 жылды салыстырғанда кіреберісте тыйым салынған затты алып кіру дерегі 400 есеге қысқарған. 

Тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін 322 тестілеуші аудиториядан шығарылып, нәтижелері бұзылды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда төмендеп отыр. Былтыр 1305 түлек аудиториядан шығарылды. Сонымен бірге біз барлық бейнежазбаға 31 желтоқсонға дейін талдау жасаймыз. Егер тыйым салынған заттарды пайдалану фактілері анықталса, талапкер білім беру грантынан айырылады. Естеріңізде болса, бұл норма 2020 жылы алғаш рет қолданылған еді. 2020 жылы бейнежазбаларды қайта қарау нәтижесінде 152 тестіленушінің, 2021 жылы 52 адамның нәтижесі жойылған болатын, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы