Қазақстанның соңғы жаңалықтары

300-ден астам қазақстандық дәрі ЕАЭО тіркеуінен өтті

11 Қараша 2025, 11:30
396
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

300-ден астам қазақстандық дәрі-дәрмек Еуразиялық экономикалық одақ рәсімдері аясында тіркеуден өткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов Үкімет отырысында мәлімдеді.

Айтуынша, биыл дәрілік заттарды Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) рәсімдері аясында тіркеу жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Бұл тіркелген дәрілердің жалпы санын 60 %-ға көбейтеді, олардың ішінде 300-ден астамы – қазақстандық дәрілер. Осы үрдісті жылдамдату үшін сараптамалық жұмыстардың құнын 90%-ға төмендету шаралары қабылданып, сараптама порталы әзірленді, - деп атап өтті вице-министр.

Сонымен қатар ол өтініш берушілерге арналған Call-центр құрылғанын алға тартты.

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде тіркелген дәрілік заттар бойынша салыстырмалы талдау нәтижесінде Қазақстан нарығы көрсеткіштері өзге елдерден кем түспейді, бұл кең ассортименттің бар екендігін көрсетеді, - деді Тимур Мұратов.

Бұған дейін Қазақстан "өмірлік маңызы бар дәрілердің" 37%-ын өзі өндіріп отырғанын хабарладық. Енді ауылдарға дәрі жеткізу қалай жеңілдейтіні белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы