Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордада өткен ҚР травматолог-ортопедтерінің ІІІ Съезі және травматолог-ортопедтердің VII Еуразиялық конгресінде айтылды.
"Бүгін өтіп жатқан съезд бес жылда бір рет болады. Мұндай шара еліміздің барлық өңірінде өтеді. Осы съезге әртүрлі мемлекеттен келген мамандармен тығыз байланыстамыз. Мұндай іс-шара ең өзекті тақырыптағы баяндамаларды тыңдауға мүмкіндік береді", - дейді Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының директоры Нұрлан Батпенов.Жарақаттану Қазақстанда жүрек қан-тамыр және онкологиялық аурулардан кейін төртінші орында және өлім-жітім мен мүгедектіңтің себепшісі болуда.
"Мен Қазақстанға алғаш рет 1975 жылы келіп, 4 жыл жұмыс істедім. Нұр-Сұлтан қаласы адам танымастай өзгеріп кетіпті. Ресей мен Қазақстан травматологтары арасындағы достық ешқашан әлсіреген емес, керісінше күшейе түсуде. Біздің институтта қазақстандық травматологтар мен ортопедтер оқуда. Біз медицина ғылымдарының кандидаттарын, докторларын дайындаймыз",- дейді Мәскеуден келген медицина ғылымдарының докторы, профессор Николай Загородний.
Съезд жұмысына Австрия, Әзербайжан, Башқұртстан Республикасы, Белоруссия, Германия, Израиль, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Сербия, Татарстан, Түркия, Үндістан, Өзбекстан, Франция сияқты алыс-жақын мемлекеттен 300-ден астам ғалымдар мен мамандар қатысты.