Екі күнде Павлодар облысы полиция департаментінің жедел уәкілдері жасаған қылмыстары үшін іздеуде жүрген 11 адамның орналасқан жерін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
1991 жылы Қырғызстанның Ыстықкөл облысының аумағында зорлық жасаған ер адам облыс орталығында ұсталды.
Ресей Федерациясының Тюмень қаласында біздің қаламызда қарақшылық жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуге жариялаған күдікті құрықталды, – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.