30 жылда қазақ киносы қалай дамыды?

27 Желтоқсан 2021, 12:10
15938
Бөлісу:
30 жылда қазақ киносы қалай дамыды?
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кино – көптің көзайымына айналған өнер түрі. Бүгінде бұл өнер қоғам ішінде қалыптасқан түйтікілді мәселерді көпшілікке жеткізудің негізгі құралы.

Шолуда Қазақстанның тəуелсіздік алғаннан бергі жылдардағы киноөндірісінің дамуына тоқталдық.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қазақ киносы қалай еді?

Кино өнері тәуелсіздіктің алғашқы жылдары үлкен маңызға ие болды. Өйткені ол кезеңде режиссерлер кеңестік комплекстер мен сол кезден қалған синдромдандан құтылу жолын іздеді. Киностудиялар бірлестігінің арқасында 1990 жылы 14 көркем фильм экранға шықты. Бұл кезде жеке киностудиялардың үлесі жоғары болды. Мәселен, 1991 жылы 18 көркемсуретті туындының тең жартысы жекеге тиесілі болған. Одан кейінгі жылдарда да киностудия өндірісі мемлекеттік қаржы есебімен түсірілген фильмдермен терезесі тең, кейде тіпті басым түскен.

Бұл жылдары аталған өнер түріндегі негізгі тақырыптар тарихи әділеттік, халықтың тұрмыс-тіршілігі, жаңа өмірдегі өзгерістер жайлы еді. 

Бұған дейін Кеңестік кинематографиясының құрамында 70 жыл бойы болған еліміз үшін жаңа мүмкіндік ашылды. Ол еркіндік пен әуесқойлық болатын. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында «Отырардың күйреуі», «Батыр Баян», «Юные годы Абая», «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу», «Юность Жамбыла» жəне т.б. туындылары жарыққа шықты.

Қазақ фильміндегі тоқырау кезі

1997 жылдан кейін елде кино саласы тоқырауға ұшырады. Бұл тек қазақ кино саласында емес, жалпы Орта Азия елдерін қамтыған үдеріс еді. Ал бұның себебін анықтау әлеуметтанушылар мен киносыншылардың еншісінде.

Өкінішке қарай 1990-2000 жылдар арасында «Қазақфильм» киностудиясында жылына бір немесе әрі кетсе, 2 фильмнен шығып отырды, оның басым көпшілігі тарихи жанрда болған жоқ. Жалпы тарихи жанрға бет алу 2000 жылдардан қайтадан басталды. Тарихи фильмдерді арнайы шетелдік көрермендерге ұнау үшін түсірудің қажеті жоқ. Өзіміздің төл көрерменіміздің көңілінен шыққан туындылар ғана өзге мемлекет өкілдеріне де қызықты болады деп есептеймін, -деді кинотанушы Дана Әмірбекова.

Қайта жаңғыру кезеңі

Жаңа бетбұрысқа көшу кезі 2000 жылдарға қарай айқын көрініс тапты. Отандық туындылар қатарында тарихи фильмдер көбейді. Сол жылдан бері қарай жарыққа шыққан тарихи кинолар жиынтығын: «Көшпенділер», «Сардары», «Жау жүрек мың бала» фильмдері.

Деректерге сүйенсек 2003-2008 жылдардағы «Ұлттық филмдер өндірісіне» республикалық бюджеттен 1 392 527 мың теңге көлемде қаражат бөлінген екен. Осы жылдар ішінде 80 фильм жарық көрген. Олардың арасында: 33 көркем (соның ішінде -7 қысқа метражды) фильм, 30 деректі фильм , 16 анимациялық фильм бар. 

2005 жылы қазақ фильмінің жаңа толқынында көптеген кино түсірілді. Бұл уақытта продюссерлер мен режиссерлердің жаңа сарыны қазақ кинематографиясының көшіне ілесіп үлгерді. Осы уақытта өзінің даралығымен аса белсенділігімен көзге түскен режиссер - Ермек Тұрсынов еді. Режиссер «Жат», «Шал», «Кемпір», «Кенже» және т.б фильмдердің режиссері әрі сценарисі болды. 

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын қарастыратын болсақ, қазақ киносында айтарлық даму байқалады. Тәуелсіздіктің бастапқы кезінде қазақ киностудиясында жылына бір фильм шығатын. Әрине, ол кездегі экономикамыздың төмен көрсеткішінің белгісі еді. Ол кезде мемлекет көркем туындыларға қарағанда халықтың әлеуметтік жағдайы алаңдатты. Алайда 2000 жылдардан бастап, қазақ киносына мемлекет тарапынан көңіл бөлініп, біртіндеп алға дами бастады, - деді кинотанушы Дана Әмірбекова.

Алайда кинотанушының айтуынша, бұл кезеңдерге жарыққа шыққан туындылар көп сыналған. 

Қазақ киносының қайта жаңғыруы «Көшпенділер» фильмінің түсірілімімен келді десек болады. Бірақ бұл туынды сынға көптеп ұшырады. Тарихи фильмге сыни тұрғыда баға беретін болсақ, иә төмен деңгейдегі туынды деуге болады. Алайда фильмді түсіру үшін шетелдік жаңа технологиялар әкелінді. Ол кезеңдегі кино әлеміне қажетті ең керекті құрал-жабдықтар бірінші рет келді. «Көшпенділер» фильмінде ең жақсы дейтін декорациялар жасалды. Оларды бүгінге  дейін пайдаланып келеміз, - деді маман. 

2000-жылдары республикада кинотеатрлар құрылысы басталып, 2005 жылдан бастап олар ашыла бастады. 2008 жылы киномотографияны дүр сілкіндірген Рэкэтир фильмінің премьерасы болды. Ақан Сатаев режиссерлік еткен бұл фильм көрермен тарапынан да кинотанушылар тарапынан да үлкен мадаққа ие болды.

2010-2015 жылдар аралығы

2010-2015 жылдары қазақ киносы жаңа деңгейге көтерілді. Бұған дейін қалыптасқан фильмдер легін Баян Алагөзова, Нұртас Адамбай, Нұрлан Қоянбаевтар жалғады. «Ғашық Жүрек», «Ғашық Жүрек -2», «Осторожно, корова», «Махаббатым жүрегімде», «Траторшының махаббаты», «Баян сұлу», «Сиситай«, «Я Пышка» фильмы жарық көрді.

Ол уақытта Нұртас Адамбай жастар арасында әзілкештігімен танымал еді. Айтарлықтай беделі бар продюсер 2014 жылы «Келинка Сабина» фильмі арқылы көпке танылды. Сондай-ақ комедия жанрын дамытып жүргендердің қатарында Нұрлан Қоянбаев бар. Ол «Бизнес по-казахски» фильмімен бастап, ары қарай осы фильмді жалғастырды. Қазір қазақ фильмінің дамуына өз үлесін қосып жүргендердің қатарынан.

Бұл кезеңде 2016 жылы жарық көрген «Анаға апарар жол» туындысы көрерменнің көңілінен шығып қана қоймай шетелдік бірнеше марапақа ие болды.  Ал 2018 жылы жарық көрген “Бизнес по-казахски” киносы Қазақстандық кинотеатрларда кассалық есеп бойынша америкалық «Мстители» фильмін басып озды.

Қазіргі уақыт

Кейінгі жылдарда жарық көрген салмақты фильмдердің бірі –Томирис. Фильмнің сценарийін Тимур Жақсылықов пен Әлия Назарбаева жазды. Бас режиссер Ақан Сатаев болды. Туындыны түсірмес бұрын Геродоттың еңбектерін пайдаланған.

Фильмнің түсіру жұмысы 2017 жылдың желтоқсан айында Алматы облысындағы Заречный ауылының маңында басталған. Фильмнің түсіру жұмыстары Жаркент , Шонжа, Бурабай мен Баянауылда жүргізілді.

Бүгінде қазақ фильмдері  үш негізгі бағытта өрбіп келеді. Атап айтсақ, олар еntertaіnment бағытындағы – адамның көңіл күйін көтеретін коммерциялық туындылар. Екінші бағыт – біздің идеологиямызды насихаттауға бағытталған мемлекеттің арнайы тапсырысымен түсірілген фильмдер. Үшінші бағыт нағыз өнер туындысы есептелетін Art House жанры, - дейді кинотанушы, киносыншы Дана Әмірбекова. 

Тәуелсіздік жылдары «Қазақфильм» киностудиясы 600-дей туынды таспалаған. Олардың арасында көркем, документалды және анимациялық картиналар бар. Жақында тағы 5 туындымен толығады. Соның бірі – Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» тарихи фильмі. Дегенмен қазіргі сұраныс комедия жанры екен. Өйткені кинотеатрға баратындардың басым көпшілігі  13 пен 25 жас аралығындағы жастар.

Өзгелердің жаңалығы