Қазақстанда Конституцияға қатысты маңызды саяси шешім қабылдануы мүмкін. Елде Ата заңға өзгерістер енгізу мәселесі референдум арқылы шешілмек, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Саясаттанушы Риззат Тасымның мәліметінше, тәуелсіздік алғаннан бері шамамен 30 жыл ішінде Қазақстан Конституциясына 197-ге жуық өзгеріс пен толықтыру енгізілген.
Оның айтуынша, егер заң жобасының үштен екі бөлігі өзгерсе, ол жаңа құжат ретінде қарастырылады. Сондықтан қоғам ұсынылып отырған өзгерістерді байыппен талқылауы қажет.
Сонымен қатар сұхбаттың барысында саясаттанушы Таяу Шығыстағы соғысқа қатысты да өз болжамын айтты.