30 сәуірге арналған ауа райы болжамы

30 Сәуір 2022, 09:25
1577
Бөлісу:
30 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 30 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 30 сәуірде республиканың басым аумағында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен құбылмалы ауа райы күтіледі: найзағай, дауыл, жаңбыр болады. Елдің шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Барлық өңірде екпінді жел тұрады.

Алматы облысының Алакөл көлдері ауданында және өңірдің оңтүстігінде желдің екпіні 24-29 м/с күшейеді. 

Түркістан облысының таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында, өңірдің оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, күндіз дауыл тұрады. Оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда жел 15-20 м/с артады. 

Күндіз Ақмола облысының солтүстік-шығысында желдің күші 15-20 м/с жетеді. 

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында желдің күші 23 м/с артады. 

Атырау облысының шығысында оңтүстігінде, орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. 

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жел тұрады. 

Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы