«Қазгидромет» РМК 30 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Қазгидромет» деректеріне қарағанда, республиканың басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуімен күн құбылмалы болады.
Жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз республиканың шығысында – қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.