30 мыңнан астам әскери қызметші мамандық бойынша даярлықтан өтуде

18 Маусым 2021, 11:55
1385
Бөлісу:
30 мыңнан астам әскери қызметші мамандық бойынша даярлықтан өтуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеке құраммен сапалы сабақ өткізу үшін 2 600-ден астам оқу топтары құрылып, оған тиісті әдістемелік дайындығы бар тәжірибелі нұсқаушылар белгіленді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Мамандық бойынша даярлық оқытудың маңызды кезеңдерінің бірі саналады. Бұл оқу мерзімді қызметтегі әскери қызметші мен білімі, дағдысы мен ептілігі бар келісімшарт қызметіндегі әскерилердің атқаратын лауазымы бойынша білімін шыңдап, дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Ол бір ай көлемінде командирлер мен сержанттардың басшылығымен штаттық-лауазымына сәйкес әскери бөлімшелерде өткізіледі.

Қорғаныс ведомствосының басшылығы әскери қызметшілердің сабаққа қатысуын толық қамтуды және сапалы өткізуді тапсырды.

30 мыңнан астам әскери қызметші мамандық бойынша даярлықтан өтуде

Жеке құрам атқаратын қызметіне сай функционалдық міндеттерін, штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлімін, оларды пайдалану, атыс қаруы мен жауынгерлік техниканың тактикалық-техникалық мінездемесін, ату ережесі мен жауынгерлік машинаны жүргізу және тағы да басқаларды меңгереді, - делінген ақпаратта.

Оқу сыныптарында, сонымен қатар оқу-жаттығу полигондарында жаттығу құрылғыларын қолдана отырып, өткізілетін практикалық сабақтарға жіті назар аударылады.

Мамандық бойынша даярлық осы жылдың 2 шілдесінде аяқталады. Жеке құрамның оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау үшін негізгі пәндерден қорытынды сабақтар өтеді.

Өзгелердің жаңалығы