Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордада «30 игі іс» ұранымен әлеуметтік қайырымдылық іс-шаралары өтуде.
Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Астана жастары" КММ мен елорда еріктілері бас қаланың қарт тұрғындарына тұрақты негізде көмектесіп келеді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
Қазақстанда тұрып келе жатқаныма 61 жыл болды. Еңбек өтілім - 42 жыл. Қазір зейнет жасындамын. Балаларым институттарда оқуына байланысты кетіп қалды. Күйеуім үш жыл бұрын қайтыс болды. Бүгінге дейін маған ешкім көмектескен емес. Еріктілерге алғысым шексіз. Олар тегін көмір әкеп, ауламды қардан тазартып берді. Қазақстан мен үшін туған елімдей болып кетті. Менің барлық шаруама қолғабыс ететін еріктілерге тағы алғыс айтқым келеді, - дейді зейнеткер Лидия Антонюк.
"Астана Жастары" КММ басшысының орынбасары Аян Ерментаев "30 игі іс" акциясы түрлі форматтағы іс-шаралармен жалғасатынын мәлімдеді. Осылайша, еріктілер 2020 жылдан бастап қарт адамдарға үйлерін жөндеуге, көмір түсіруге, ауласын қардан тазартуға көмектесіп жатыр. Сонымен қатар, олар Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің рейдтеріне қатысады.