«30 игі іс». 500-ден астам азық-түлік себеті таратылады

17 Желтоқсан 2020, 10:36
1902
Бөлісу:
«30 игі іс». 500-ден астам азық-түлік себеті таратылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  «30 игі іс» аясында мұқтаждарға 500-ден астам азық-түлік себеті таратылады. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мейірімділік эстафетасы аясында қамқор азаматтар, оның ішінде кәсіпкерлер, еріктілер, қоғам қайраткерлері мен ұйымдар соғыс және тыл ардагерлері мен мұқтаж отбасыларға азық-түлік пакеттерін жеткізді. 

Сондай-ақ елордадағы «30 игі іс» акциясының қатысушылары жалғызбасты зейнеткерлерден үйін қардан тазартуға, үй ішіндегі заттарды ретке келтіруге, үйсіз жануарлар паналайтын жерлерге барлық көмек көрсетуде. Қыста қолайсыз ауа-райында еріктілер көшеде қала тұрғындары мен коммуналдық шаруашылық қызметкерлеріне ыстық шай мен бауырсақ таратты. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада «30 игі іс» ұранымен әлеуметтік-қайырымдылық шаралары өтіп жатыр. 

Эстафетаның басты мақсаты - қала мен оның тұрғындарына жақсылық жасау.

Азаматтар эстафетаға қосылып, өз аккаунттарына #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни #Моднобытьдобрым хэштегімен ақпарат немесе видео орналастыра алады.

Өзгелердің жаңалығы