30-дан астам онлайн-алаяқтыққа қатысы бар Алматы тұрғыны ұсталды

8 Сәуір 2021, 03:20
1677
Бөлісу:
30-дан астам онлайн-алаяқтыққа қатысы бар Алматы тұрғыны ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полицейлер онлайн-алаяқтықтың 30 дерегіне қатысы бар алаяқты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын қылмыстарға қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында, Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция қызметкерлері онлайн-алаяқтық жасады деген күдікпен Алматы облысының тұрғынын ұстады. Полицейлердің анықтауынша, бүгінгі таңда күдіктінің 30-дан астам онлайн-алаяқтыққа қатысы бар болып шықты. Оның ішінде сегіз жайт Түркістан облысына қатысты.

Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі алты миллион теңгеге жуық. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, күдіктінің тұрғылықты жерін анықтап, оны Алматы қаласынан ұстады. Жедел уәкілдер анықтағандай, жас жігіт «whatapp» мессенджерінде топ құрып, адамдардың сеніміне кіріп, қатысушыларға салымдарын үш есе арттыруға уәде берген. Алаяқтыққа сенген аңғал азаматтар көрсетілген шотқа ақша жіберіп, соңында дымсыз қалған. Осылайша күдікті алаяқтық жолмен алған ақшаны жергілікті банктердің біріндегі өз шотына аударып алған, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта аталған жайттар бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу істің толық мән-жайын анықтауда. Полицейлердің мәлімдеуінше, алданған азаматтардың саны артуы мүмкін.


Өзгелердің жаңалығы