30 қарашаға арналған ауа райы болжамы

<p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Қазақстан территориясының басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болғандықтан, 30 қараша күні жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады "Қазгидромет"&nbsp;РМК. </p>

 30 Қараша 2019 2019, 08:21
30 Қараша 2019 2019, 08:21
2804

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан территориясының басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болғандықтан, 30 қарашада жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Тек батыс аймақтарда фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр, қар жауады. Республиканың кей жерінде жел күшейіп, тұман түседі.

Алматы облысының түнде және таңертең кей жерінде тұман күтіледі.

Күндіз Алакөл көлінің аумағында жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумағында тұман болжанады.

Маңғыстау облысының кей жерінде көктайғақ болады.

Атырау облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с артып, тұман, көктайғақ күтіледі.

Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейіп, тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе облысының кей жерін тұман басып, 18 м/с екпінде жел соғады.



 

 

Наверх