Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» мамандары 3 желтоқсан күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын мәлім етті.
Атмосфералық фронттардың әсерінен ел аумағының кей жерінде қар жауады. Оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болады. Бірқатар өңірлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, жел күшейеді.
Жамбыл, Ақмола облыстарының кей жерінде бұрқасын көтеріледі, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Жамбыл облысының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел қарқыны - 15-20 м/с. Түнде және таңертең кей жерде тұман түседі.
Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі.
Қарағанды облысының кей жерінде боран соғып, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.