3 жасқа дейінгі балаға гаджет беруге болмайды

19 Қыркүйек 2022, 15:03
1590
Бөлісу:
3 жасқа дейінгі балаға гаджет беруге болмайды

Бұл туралы «Желмая» жобасының кезекті қонағы Мақпал Жұмабай айтты деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.   

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы деген әлеуеті өте жоғары ұйым бар. Ол ұйымның айтуы бойынша 3 жасқа дейінгі балаға гаджет беруге болмайды. Өйткені ол кезде баланың нейрондары қалыптасып жатады, ондай жылдамдықтағы кадрлардың бірінен кейін бірі қайталануын миы әлі игере алмайды, - деді ол. 

Спикердің айтуынша, гаджет берген бала бір орында тұрмайтын жағдайға ұшырайды.

Қазір қарап отырсаңыз балалар сондай ғой, не ұйықтамайды, отыр десе, отырмайды. Мына гиперактивтілік осы гаджеттерді қолданудан туатынын қазіргі ғылым дәлелдеп отыр. Ал 3 жастан асқан соң гаджет көру уақыты минуттап өседі: 15 минут, 20 минут, 30 минут. 12 жасқа келгенде күніне 1-2 сағат беруге болады. Ал одан жоғары қарай 2-3 сағат. Менің ойымша бұл жердегі ең үлкен жауапкершілік ата-ананың мойнында, - деді Мақпал Жұмабай. 

Балалар контентін жасаушы маман жұмыстан шаршап келіп, «мазаламаса болды» деп баласының қолына телефон ұстатып қою үлкен қателік екенін, оның өтемі болатынын айтты. Оның сөзінше, көптеген ата-аналар бала тәрбиесіне енді кірісейін дегенде балалар басқа мәдениетпен, басқа құндылықтармен тәрбиеленгенін, оны гаджет тәрбиелегенін аңғаратынын айтады.    

Өзгелердің жаңалығы