Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"3 жасар қызы мен әйелін аяусыз ұрды": Баланың жағдайы белгілі болды

Бөлісу:
 видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Дәрігерлер Талдықорғанда өз әкесі аяусыз ұрған үш жастағы қыздың жағдайы туралы хабарлады. Бала ауыр жарақаттарымен ауруханаға жатқызылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Белгілі болғандай, күйеуі әйелін және үш жастағы қызын қатыгездікпен ұрған. Отбасыда екі бала бар. Үш жастағы қыз және екі жастағы ұл. Ұл зардап шекпеген. Қазір екі бала да анасымен бірге дәрігерлердің бақылауында.

Қазіргі таңда зардап шеккен қыздың жағдайы орташа деп бағалануда. Ол облыстық балалар ауруханасының хирургиялық бөлімінде жатыр. Оған әрі қарай емдеу жүргізіліп, динамикалық бақылау жасалуда. Барлық қажетті көмек көрсетілуде, - деп хабарлады Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасын.

Сонымен қатар, әйелін және кәмелетке толмаған қызын ұрды деген күдікпен ұсталған ер адамның жасы 38-де екені белгілі болды. Оның жұбайының жасы 30-да.

Қазір күдікті Талдықорған қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

Еске салайық, бұған дейін үш жасар бала дене жарақатымен ауруханаға түскені хабарланды.

Сондай-ақ, жәбірленген 3 жасар қыз туралы жаңа деректер пайда болған еді. 

Өзгелердің жаңалығы