3 жасар қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

25 Қыркүйек 2022, 13:48
2641
Бөлісу:
3 жасар қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Оқиға Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Әлімқұлов көшесіндегі 5 қабатты көппәтерлі үйде болған деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, 2019 жылы туған бала ересектердің қарауынсыз қалып, 3-қабаттан құлап кеткен.

"Сол қол сүйегінің сынуы" диагнозы қойылған қыз ауруханаға түсті, дәрігерлер тексергеннен кейін сол күні амбулаториялық емделуге үйіне жіберді, жағдайы орташа.

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр.

Айта кету керек, бұл жыл басынан бергі жетінші жағдай және барлық кезде балалар жарақат алды.

Өзгелердің жаңалығы