Ұлттық экономика министрі: Өңделген тауарлар экспорты 25,5%-ға өсті

10 Қараша 2021, 09:14
839
Бөлісу:
Ұлттық экономика министрі: Өңделген тауарлар экспорты 25,5%-ға өсті
Фото: Болат АСКЕР

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлім етті.

Биыл қаңтар-қыркүйекте сыртқы сауда тауар айналымы 72,8 млрд долларды құрап, ол 12,7%-ға өсті. Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 43,3 млрд долларға дейін жетті .Бұл ретте, өңделген тауарлар экспорты 25,5%-ға өсіп, 14 млрд долларыға дейін жетті. Тауарлар импорты 29,5 млрд долларды құрады, – деді Ерғалиев.
Оның мәлімдеуінше, оң сауда балансы өткен айға қарағанда 1,8 млрд долларына өсіп, 13,8 млрд долларға жетті.

Өңдеу өнеркәсібінде тұрақты өсу үрдісі сақталуда. Осы жылдың қаңтар-қазан ай аралығында сала бойынша өндіріс көлемі 5,3%-ға өсті. 14 өңір бойынша оң өсу көрсеткіші тіркелді. Ең жоғарғы өсу Алматы қаласында (18,9%-ға өсу), сондай-ақ Алматы (14,3%-ға), Қостанай (13,5%-ға) және Қызылорда (12,4%-ға) облыстарында анықталуда, – деп атап өтті Ұлттық экономика министрі.


Өзгелердің жаңалығы