Алдағы үш тәулікте ауа райы жылынады

<div> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;"Қазгидромет" РМК синоптиктері&nbsp;25-27 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.&nbsp; &nbsp; &nbsp; &nbsp; &nbsp; </div> <br>

 24 Ақпан 2020 2020, 14:06
24 Ақпан 2020 2020, 14:06
1852

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 25-27 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.         

Алдағы күндері Сібір антициклонының жотасымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Дегенмен, Қазақстанның көптеген аймағында түнде және таңертең көріну қашықтығын 500 метрден төмен нашарлататын тұман күтіледі. 

Республиканың батыс аймақтарына жауын-шашын және көктайғақпен атмосфералық фронттар ығысуда. Бұл фронттар кезекті Атлантикалық циклонмен байланысты, сондықтан жауын-шашынмен қатар, ауа температурасының жоғарылауына алып келеді, - делінген хабарламасында.
Фронттардың батыстан шығысқа жылжуымен жауын-шашын мен көктайғақ Қазақстанның қалған бөлігінде де күтіледі. 

Алдағы үш тәулікте ауа температурасы климаттық нормадан 4...12°C аномалды жоғары болады.


Наверх