Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде Online mektep платформасында 3-сынып оқушылары үшін дайындалған тапсырмаға қатысты шу шықты.
Facebook-тегі ТАЛДЫКОРГАНЕЦ тобының қолданушысы тапсырманың платформадағы скриншотын түсіріп, пікір қалдырды.
Бұл 3-сынып баласы орындайтын онлайн мектептегі тапсырма. Мынаған қараңыздар, Білім министрлігі қайда қарап отыр? Қандай бассыздық?, – делінген жазбада.
Осы жазбаға қатысты «Онлайн мектеп» жобасының атқарушы директоры Санжар Кенжеханұлы өз пікірін білдірді.
Бұл тапсырманың түпнұсқасы қазақ тілінде берілген. Қазақ тіліндегі тапсырмада қате жоқ. Кейбір пайдаланушы авто-аудармашы арқылы аударып, хайп жасап, оның скриншоттарын түрлі чаттарға таратып жатыр. «Online Mektep» платформасында қателер жоқ. Платформаны жасаушылар браузерге енгізілген авто-аудармашыларды пайдаланбау керектігін айтады. Олар дұрыс аудармайды. Қазақ тіліндегі мәтіннің үзіндісі скриншотта көрсетілген. Тапсырма дұрыс жасалған. Бұл әлеуметтік желілерде қалжыңдасатын немесе «лайк» жинау үшін контент жасайтын жағдай емес, - деп жауап берді ол.
Платформаны құрастырушылар авто-аудармашыны қолданбауға шақырды.
Тапсырманың түпнұсқасы.