3 сәуірге арналған ауа райы

3 Сәуір 2022, 07:45
1504
Бөлісу:
3 сәуірге арналған ауа райы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3 сәуір күні Қазақстанның басым бөлігі антициклон жотасының ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Елдің тек солтүстігінде, батысында және оңтүстіктің таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, найзағай болжанады. 

Ақмола облысының оңтүстігінде, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстігінде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с екпіндегі жел күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман болжанады, өңірдің батысында, оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 23 м/с дейін жетеді. Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай ойнап, батысында, солтүстігінде, шығысында желдің екпіні 23 м/с дейін артады. Оған шаңды дауыл қосылады.

Атырау облысының шығысында, күндіз батысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, күндіз оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының Алакөл көлдерінің ауданында желдің жылдамдығы 17-22 м/с жетеді. Павлодар облысының шығысында, оңтүстігінде тұман болжанады.

Өзгелердің жаңалығы