3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

3 Қыркүйек 2023, 07:48
805
Бөлісу:
3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Фото: архив

«Қазгидромет» РМК синоптиктері ел аумағында 3 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Тек еліміздің батысында ашық, жауын-шашынсыз ауа рыйы күтіледі. Республика бойынша найзағай ойнап, екпінді жел соғып, бұршақ түседі. ҚР солтүстік-батысында, солтүстігінде тұман болады.

Жамбыл облысында, Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақаталады.

Батыс Қазақстан облысының орталығында, оңтүстігінде, Павлодар, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі бар, - деп жазды синоптиктер.

Өзгелердің жаңалығы