3 мыңнан астам нәрестеге 1 млрд 414 мың теңгеге медициналық көмек көрсетілген

29 Қыркүйек 2022, 19:45
958
Бөлісу:
3 мыңнан астам нәрестеге 1 млрд 414 мың теңгеге медициналық көмек көрсетілген

Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры елорда филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Айтуынша, ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерге сәйкес, жоспарлы емдеуге жатқызуды күту мерзімі бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ға өскені байқалады.

Былтырғымен салыстырғанда, 2022 жылы ота жасау көрсеткіші 9,8%-ға өсті. Тек жоғары технологиялық медициналық көмек қолдану арқылы МӘМС бойынша 10,2 млрд теңге сомасына қосымша 3 888 қызмет көрсетілді. Кардиология бойынша 1218 пациент емделген, кардиохирургиялық ота 649 пациентке жасалса (қан айналымы жүйесі аурулары - 1060), 223 адамға нейрохирургиялық ота, 92 пациентке ортопедиялық ота, несеп-жыныс жүйесі аурулары – 977, ал 217 пациентке ас қорыту сырқаттары бойынша жасалды.

Барлығы  28 972 пациентке ем жүргізілген, оның ішінде, бір жасқа дейінгі балалар - 7453, 1-14 жастағы балалар - 19 622, 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер - 1697. 172 балаға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетіп, стационарда емделді, - деп атап өтті қор басшысы. 

Сонымен қатар туғанына бір ай толмаған 0-28 күндік 3 194 нәрестеге  1 млрд 414 мың теңге сомасына медициналық көмек көрсетілген. Оның ішінде 171 балаға 241 млн 591 мың теңге сомасына, оның ішінде 24 балаға 68 млн 125 мың теңге сомасына жоғары технологиялық медициналық көмек арқылы жүрекке ота жасалып, оңалтудың бірінші сатысынан өткен. 17 балаға арнайы медициналық көмек арқылы 31 млн  725 мың теңге сомасына ота жасалған. 

Өзгелердің жаңалығы