Қазақстанның соңғы жаңалықтары

3 мыңға жуық талапкер білім грантынан бас тартуы мүмкін – министр

Олжас АДАЙ
12 Тамыз 2025, 12:33
650
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Биыл да шамамен 3 мың талапкер мемлекеттік білім грантынан бас тартуы ықтимал. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Дәстүрлі статистикаға сүйенсек, жыл сайын 3–3,5 мың грант иегері түрлі себеппен одан бас тартады. Себептері әртүрлі: басқа қалаға көшу, отбасы жағдайы немесе денсаулыққа байланысты. Құжаттарды қабылдау әлі аяқталған жоқ, 20 тамызға дейін жалғасады. Осыдан кейін келісімшартқа нақты кім қол қойғаны белгілі болады. 20 тамыздан соң грант иеленгендердің нақты саны анықталады. Содан кейін екінші конкурс жариялаймыз, – деді министр.

Министр мемлекеттік білім грантынан тыс 5 мыңнан астам грант берілетінін айтады. Сондықтан талапкерлерге әлі де мүмкіндік бар.

Гранттан бас тартқан студенттердің саны белгілі болғаннан кейін екінші конкурс жариялаймыз. Біздің болжамымызша, кемінде 3 мың бала гранттан бас тартады, - дейді ведомство басшысы.

Өзгелердің жаңалығы