3 мың қазақстандық әскери жиындарға шақырылады: Жаңа бұйрық қашан күшіне енеді?

Қазақстанда 2026 жылы әскери міндетті азаматтарды оқу-жаттығу жиындарына шақыру туралы бұйрық жарияланды.

 ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов Бүгiн 2026, 12:54
Бүгiн 2026, 12:54
95
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов

2026 жылы Қазақстанда 3 мың әскери міндетті азамат оқу-жаттығу жиындарына шақырылады. Тиісті бұйрық 19 сәуірден бастап күшіне енеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қорғаныс министрлігі «2026 жылы әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру туралы» бұйрықты жариялады. Құжатқа сәйкес, биыл еліміз бойынша 3 мың әскери міндетті азамат жиындарға тартылады.

Бұйрықтың орындалуын Қазақстан Қарулы күштері Бас штабының басшылығы бақылауға алады.

Құжат 2026 жылғы 19 сәуірден бастап күшіне енеді.

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметке шақыру туралы жарлыққа қол қойды.

Тағы оқи отырыңыздар:

Әскерден босату немесе «ақ билет»: Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

2026 жылы Қазақстанда әскери парад өте ме? – Қорғаныс министрлігі жауап берді

Енді паркинг те паналау орны болады: Қазақстанда жаңа ереже күшіне енді 

Наверх