Жетісу прокурорлары мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар үшін 74 лауазымды адамды жауапқа тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тек биыл Жетісу облысының прокуратурасы 3 млрд теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алуды тоқтатты.
Мемлекеттік органдар негізінен әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарын негізсіз асыра бағалады, міндетті мемлекеттік сараптамасыз автожолдар салуға конкурстар жариялады және т. б.
Тағы 85 млн теңгеге сатып алулардың алдын алды, олар бойынша мемлекеттік органдар «бір көзден алу» тәсілімен негізсіз қорытынды жасауға тырысты.
Тек бір Алакөл ауданында прокуратураның қадағалау актілері бойынша 10 лауазымды тұлға жауапқа тартылды, оның ішінде 4 ауылдық округтердің әкімдері бар.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың 74 лауазымды тұлға ӘҚБтК-нің 207-бабы (Мемлекеттік сатып алуды бұзу) бойынша жалпы сомасы 13 млн теңгеге айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген хабарламада.