3 маусымға арналған ауа райы болжамы

2 Маусым 2022, 23:22
1390
Бөлісу:
3 маусымға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республиканың басым бөлігінде ертең күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Жел күшейеді, түнде және таңертең шығыста тұман түседі, орталықта топырақ бетінде үсік жүруі мүмкін, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Солтүстік антициклон еліміздің батыс аймақтарында өз ықпалын сақтайды, мұнда ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Қазақстан аумағының барлығы дерлік циклон жырасының ықпалында болады, осыған байланысты ауа райы құбылып, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады, – делінген Қазгидромет хабарламасында.

Өңірлердегі ауа райы

Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында бұршақ жауып, дауыл тұрады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында дауыл соғады, облыстың шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 25 м/с күшеюі мүмкін.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында дауыл тұрып, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 25 м/с күшеюі мүмкін.

Түнде Ақмола облысында солтүстікте, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұршақ жаууы мүмкін, күндіз солтүстікте, шығыста, оңтүстікте жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының орталығында, күндіз Павлодар облысының батысында, шығысында, орталықта, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с күшейіп, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман түседі деп болжанып отыр.

Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді деп болжануда.

Түнде Қарағанды облысының шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.

Қызылорда облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ірі қалалардағы ауа райы

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, найзағайойнағанда екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 21-23 жылы.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады, найзағай ойнағанда екпіні 12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 25-27 жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 27-29 жылы.

Өзгелердің жаңалығы