3 мамырға арналған ауа райы болжамы

3 Мамыр 2020, 08:59
1635
Бөлісу:
3 мамырға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидрометтің болжамынша 3 мамырда ел аумағының басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады. Ауа ағындарының өтуіне байланысты оңтүстік өңірде нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде күн күркіреп, жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік батыста және батыста тұман түседі.

Қостанай облысында кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі, ал күндіз жел екпіні 15-20 м/с. 

Жамбыл облысында кей жерлерде күн күркіреп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, ал таңертең және күндіз 23 м/с жетеді. 

Қарағанды облысында күн күркірейді, күндіз жел күшейіп, жылдамдығы 23 м/с жетеді деп болжанады. 

Ақмола облысында күндіз кей жерлерде күн күркірейді, желдің күші 15-20 м/с, бұршақ жаууы мүмкін. 

Алматы облысында кей жерлерде күн күркіреп, желдің күші 15-20 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін деп болжанады. 

Түркістан облысында күн күркіреп, жел тұрады, бұршақ жауады. 

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз кей жерлерде күн күркіреп, желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. 

Қызылорда облысында түнде, Маңғыстау облысында күндіз күн күркірейді. 

Батыс Қазақстанда кей жерлерде тұман түседі.

Өзгелердің жаңалығы