3 газ жобасы жүзеге асырылады. Ноғаев Жолдаудағы тапсырманы қалай орындайтынын айтты

2 Қыркүйек 2021, 11:00
3686
Бөлісу:
3 газ жобасы жүзеге асырылады. Ноғаев Жолдаудағы тапсырманы қалай орындайтынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Үкімет отырысында айтты.

Оңтүстік өңірлердің қолданыстағы газ инфрақұрылымы болашақ жобаларды қажетті отын көлемімен қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау қажет.Мемлекет басшысы атап өткен жобаларды табысты іске асыру үшін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға «ҚазТрансГаз» АҚ-мен бірлесіп, оңтүстік өңірлердің экономикасы мен халқының газға деген қажеттілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ энергетика жобаларын іске асыру үшін қосымша инфрақұрылым салу мәселесін пысықтаймыз, - деді министр.

Ноғаев Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 3 газ жобасын жүзеге асыру жоспарланып отырғанын айтты.

Бірінші жоба – Қашаған кен орнында жылына 1 млрд.текше метр шикі газды қайта өңдеу қуаты бар газ өңдеу зауытын салу.Қазіргі уақытта алаңда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жобаны іске асыру 2041 жылға дейінгі кезеңде қосымша 10 млн тонна мұнай өндіруге, сондай-ақ жылына 800 млн текше метрге дейін тауарлық газ өндіруге мүмкіндік беретінін атап өткен жөн, - деді ол.

Ноғаев есептеулер республика үшін де, Қашаған кен орнының мердігер компаниялары үшін де газ өңдеу зауытын салудың жоғары экономикалық тиімділігін көрсетіп отырғанын айтты.

Сонымен қатар бүгінгі таңда «Мақат – Солтүстік Кавказ» және «Окарем-Бейнеу» магистральдық газ құбырлары Қазақстанның батыс өңірлеріндегі тұтынушыларды газбен жабдықтауды қамтамасыз байланысты. Осыған байланысты энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өңірлердің газға деген өсіп келе жатқан қажеттілігі үшін газдың қосымша көлемін тасымалдау мақсатында «Мақат – Солтүстік Кавказ» магистральдық газ құбырының лупингін және «Бейнеу-Жаңаөзен» магистральдық газ құбырының 2-ші желісін салу жоспарлануда, - деді ол.

Министр қазіргі уақытта барлық 3 газ жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, іске асырудың практикалық бөлігі, оның ішінде жоғарыда көрсетілген жобаларды қаржыландыруға байланысты жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы