28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

28 Желтоқсан 2021, 08:07
1322
Бөлісу:
28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидрометтің» хабарлауынша, бүгін қар жауып, жаяу бұрқасын соғады.

Тек қана оңтүстік, оңтүстік-шығыс пен орталықта жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республиканың кей жерлерінде тұман, еліміздің оңтүстік-шығысында, солтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың орталығында, оңтүстігінде жаяу бұрқасынмен соғады, облыстың солтүстігінде тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жел жаяу бұрқасынмен болады, көктайғақ, облыстың оңтүстік-батысында тұман болады.

Алматы облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ, Алакөл көлдері ауданында желдің жылдамдығы 18-23 м/с жетеді.

Ақмола облысында жаяу бұрқасын соғады, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі, облыстың батысында жел 18 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Қызылорда облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының орталығында, Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Түркістан облысының таулы аймағында, Жамбыл облысының солтүстігі мен таулы, тау бөктерінде тұман күтіледі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы