28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

28 Қыркүйек 2019, 08:31
1530
Бөлісу:
28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенбіде  Қар теңізі аймағынан келетін солтүстік циклон Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына ықпалын жалғастырады. Сонымен байланысты құбылмалы күн райы сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Кей өңірде түнде жауын-шашын жауады (көбіне жаңбыр), күндіз оңтүстік-батыста жаңбыр қатты жауатыны күтіледі. Республиканың жекелеген аумақтарын тұман басып, 15-25 м/с екпінде жел тұрады. Оңтүстікте – шаңды дауыл, оңтүстік-шығыста бұршақ болжанады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 25 м/с артады.

Алматы облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Жамбыл, күндіз Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз Жамбыл облысында оның екпіні 23 м/с артады.

Түркістан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл күтіледі.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерінде тұман болжанады.

Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының түнде кей жерінде 1-3 градус үсік сақталады.

Сондай-ақ Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл облысының батысында, Карағанды облысының оңтүстік, оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Өзгелердің жаңалығы