28 тамызға арналған ауа райы болжамы

28 Тамыз 2019, 08:16
1703
Бөлісу:
28 тамызға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Сәрсенбіде республиканың солтүстік-батыс аумағы циклонның және сонымен байланысты фронтальді бөліктер ықпалында болады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Синоптиктердің мәліметінше, кей жерде дауыл, жел соғып, бұршақ жаууы ықтимал, солтүстікте және орталықтың кей жерінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау және Қызылорда облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында шаңды дауыл күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз Атырау облысының кей жерінде дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі. Күндіз Алматы облысында қатты ыстық болады. 

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерінде, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстік бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. 
Өзгелердің жаңалығы