27 жыл референдум болмағанын енді түсіндік – Башимов

5 Мамыр 2022, 21:18
1761
Бөлісу:
27 жыл референдум болмағанын енді түсіндік – Башимов
Фото: Бақытжан БАТЫРХАНҰЛЫ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Заңгер, қоғам белсендісі Марат Башимов Мемлекет басшысының бейнеүндеуіне қатысты пікір білдірді.  

Президенттің бүгінгі бейнеүндеуі – тарихи оқиға. Өйткені 27 жыл референдум болмағанын енді түсіндік. Ал Конституцияда халық биліктің иесі деп жазылған. Халықтың референдум арқылы өз пікірін айтқаны демократияның ең жоғарғы мақсаты деп білемін. Енді халық жарияланған сұрақтармен жақсырақ танысады. Референдумға келеді, бастамаларды да қолдайды деп сенемін, – дейді ол.

Марат Башимов саяси жүйені өзгертуден көп үміт күтетінін жеткізді. Сондай-ақ конституциялық реформалардың оның ойынша ең маңыздыларын атап өтті. 

Азаматтардың құқықтарын қорғауға, олардың өмірлері мен әлеуметтік жағдайларына осы өзгерістер өзінің оң нәтижесін береді. Конституциялық сот жұмысының жандануы, азаматтардың мемлекетті басқаруы, әділетті қоғам құрылып, тиімді мемлекет болу өте маңызды. Сондықтан президенттің айтқанына қосылып, бастамаларын қолдап отырмын, – деді заңгер.

Айта кету керек, Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі реформаның ерекшелігі мемлекетті президенттің өкілеттігін күшейтпей жетілдіру мен нығайту екенін айтты. Сондықтан Мемлекет басшысы сөз соңында елдің ертеңі мен ұрпақ келешегі үшін референдумға қатысуға шақырды.  

Өзгелердің жаңалығы