27 мамырда бірқатар өңірде бұршақ түсіп, күн салқындайды

27 мамырда Астанада да күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

 unsplash.com Бүгiн 2026, 22:19
Бүгiн 2026, 22:19
162
Фото: unsplash.com
 
"Қазгидромет" синоптиктері Қазақстанның 17 облысында 27 мамырда дауылды ескерту жариялады.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз кей уақыттарда нөсер жаңбыр болады, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 27 мамырда жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақтөбе облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың батысында нөсер жаңбыр болады, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің күндізгі екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 27 мамырда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндізгі екіпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Алматы облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда нөсер жаңбыр болады, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Алматыда 27 мамырда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кешке кей уақыттарда нөсер жанбыр болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15 м/с. Қонаевта 27 мамырда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.  

27 мамырда Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, орталығында кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 27 мамырда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттардағы екпіні 15-20 м/с құрайды.

Шығыс Қазақстан облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-шығысында, орталығында  соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Күндіз Абай облысының оңтүстігінде аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 27 мамырда жоғары өрт қаупі күтіледі.

Астанада 27 мамырда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Атырау облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда нөсер жаңбыр болады, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, ал облыстың шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 27 мамырда кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

 
 
 
 
 
 
 

Таңертең және күндіз Ұлытау облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында нөсер жаңбыр болады, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Таңертең және күндіз оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 27 мамырда таңертең және күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың шығысында, солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады, ал күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұршақ түседі деп күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында 23 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 27 мамырда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және күндіз Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың таулы аудандарда кей уақыттарда нөсер жаңбыр болады, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 27 мамырда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді.

Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 27 мамырда аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және күндіз Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда 27 мамырда күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр жауады, бұршақ түседі, найзағай ойнайды, дауыл тұрады, облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында нөсер жаңбыр болады, ал облыстың солтүстігінде шаңды дауыл соғады деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 27 мамырда кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады, түнде және таңертең нөсер жаңбыр, бұршақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Түркістанда 27 мамырда кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 27 мамырда жаңбыр жауып, найзағай  ойнайды, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде, солтүстігінде  жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 27 мамырда күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі.

Наверх