26 жастағы құтқарушыға пышақ сұғылды

1 Сәуір 2024, 08:15
13095
Бөлісу:
26 жастағы құтқарушыға пышақ сұғылды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Оқиға осы кеште Казталов ауданы Жалпақтал ауылының маңында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Жедел деректер бойынша, жергілікті тұрғындарға көмек көрсету бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу барысында Қараөзен өзенінің жағасында 1998 жылы туған азаматтық қорғау сержанты жараланды. Ол аудандық ауруханаға кеуде аймағында екі пышақ жарақатымен жеткізілді. Науқас дәрігерлердің бақылауында, - делінген ведомство хабарламасында.

Полицияның мәліметінше, шабуылдаушы ішімдік ішкен күйінде болған. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өзгелердің жаңалығы