Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мобильді аударымдар қандай жағдайда тексерілетінін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Заңды түрде тіркелген жеке кәсіпкерге ай сайын мобильді аударым арқылы 100 рет ақша жіберілсе және бір аударымның сомасы 255 мың теңге болса, онда оның мобильді аударымы тексеріле ме? – деп БАҚ өкілдері Қаржы министрінің орынбасарынан сұрады.
Ержан Біржанов мобильді аударымдар қандай жағдайда тексерілетінін түсіндірді.
- төлемдердің санына назар аударылады. Егер жеке кәсіпкер болса, оған мобильді аударым арқылы ақша түссе, 100 мобильді аударым болса, бұл – бірінші белгі.
- 3 ай қатарынан яғни қаңтар, ақпан, наурыз бойы түссе. Ай сайын 100 мобильді аударым тіркелсе.
- жалпы осы төлемдердің сомасы 3 айда 255 мың теңге болса.
Сондай-ақ вице-министр мобильді аударым қандай жағдайда тексерілмейтінін айтты.
Мысалы қаңтарда оған мобильді аударым арқылы ақша түссе, ақпанда қаржы түспесе, ол бақылауға алынбайды. Егер 3 ай қатарынан әртүрлі 100 адамнан 100 рет ақша аударылса, біз оны тексереміз, - деді Ержан Біржанов кулуарда.