2500-ден астам домбырашы қазақтың танымал күйлерін бір мезетте орындады

1 Шілде 2022, 23:11
1114
Бөлісу:
2500-ден астам домбырашы қазақтың танымал күйлерін бір мезетте орындады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2500-ден астам домбырашы бір мезетте қазақтың танымал күйлерін орындады.

Бас қалада өткен акцияда «Алтын домбыра» өнер орталығының шәкірттері «Ерке сылқым», «Адай», «Балбырауын», «Әке толғауы» сияқты шығармаларды орындады. Сондай-ақ өнер орталығының жетекшісі Ибрагим Ескендір жас домбырашылармен бірге «Көк тудың желбірегені» композициясын акапелла түрінде айтты.

2500-ден астам домбырашы қазақтың танымал күйлерін бір мезетте орындады

Шара барысында ұйымдастырушылар «Қасиетті домбыра» атты ауқымды байқау бастау алатынын айтты.

Бұл акция халық арасында ұлттық мәдениетіміздің бір бөлігі болып саналатын көне музыкалық аспапты насихаттауға бағытталған. Домбыра – ұрпақтан-ұрпаққа берілетін, қазақ мәдени мұрасының ажырамас бөлігі. Осы алаңды пайдалана отырып, біз «Қасиетті домбыра» республикалық байқауының басталғанын жариялаймыз, – деп атап өтті партияның жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев.

2500-ден астам домбырашы қазақтың танымал күйлерін бір мезетте орындады

Байқау 10-15 жас аралығындағы жасөспірімдер мен 16-35 жас аралығындағы жастар арасында өтеді. Ол өтінімдерді қабылдау, офлайн тыңдау және финал болып үш кезеңнен тұрады. Өтінімдер 31 шілдеге дейін қабылданады.

Байқау туралы толық ақпаратты жастар ұйымының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан таба аласыздар.

2500-ден астам домбырашы қазақтың танымал күйлерін бір мезетте орындады
Өзгелердің жаңалығы