250 мыңнан астам бала спорт үйірмесіне барады

25 Сәуір 2024, 08:03
473
Бөлісу:
250 мыңнан астам бала спорт үйірмесіне барады
Фото: Артём Чурсинов -архив

2023 жыл 4 жастан 17 жасқа дейінгі 250 мыңнан аса бала мен жасөспірім 7 мыңнан аса спорт секциясына тегін барды. Оған 2023 жылы жергілікті бюджет есебінен 43,2 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды BAQ.KZ Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан мемлекеттік спорттық тапсырысты жалғастыру үшін 2024 жылы 240 мыңнан астам бала мен жасөспірімді қамту үшін 37,8 млрд теңге қолдау көрсетіледі.

Мемлекеттік шығармашылық тапсырыспен келіспеушілік болмас үшін түзетулер Мәдениет және ақпарат министрлігімен келісіледі. НҚА жобаларын ашық нормативтік-құқықтық актілер интернет-порталына осы апта салу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар нарықта мемлекеттік тапсырысты іске асыру бойынша бірнеше платформа пайда болғандықтан, бір саладағы конкурс жеңімпазы екінші платформада тіркелгені туралы деректер анықталған. Қолданыстағы платформалар арасында интеграция болмағандықтан 1 балаға 1 ваучер беру бөлігінде НҚА талаптары бұзылған.

Өзгелердің жаңалығы