24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

24 Желтоқсан 2023, 08:10
1871
Бөлісу:
24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Фото: Архив BAQ.KZ

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлады BAQ.KZ.

ҚазгидрометАтап айтқанда, республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа райы жауын-шашынды болады, батыста жаңбыр мен қар, ал оңтүстікте, оңтүстік батыста жаңбыр жауады.

Жалпы Қазақстан бойынша тұман түсіп, екпінді жел тұрады, батыста, солтүстік батыста және солтүстікте көктайғақ, шығыста жаяу бұрқасын соғады.

Астанада 24 желтоқсанда көшпелі бұлт шығады, тұман түсіп, ауа температурасы күндіз -1 +1, түнде -6 -8 болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, бірақ ауа райы жауын-шашынсыз, даладағы ауа температурасы күндіз +8 +10, түнде -1 +1 деңгейінде болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, ауа райы жауын-шашынсыз. Бірақ күннің соңында жаңбыр жаууы ықтимал. Таңертең және күндіз жел екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін. Күндіз +13 +15, түнде +1 +3 градус жылы болады.

Өзгелердің жаңалығы