24 млрд теңгенің активтері мемлекетке қайтарылды

18 Сәуір 2024, 11:57
192
Бөлісу:
24 млрд теңгенің активтері мемлекетке қайтарылды
Фото: - архив

Бас прокуратура заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Премьер-министрдің төрағалығымен өткен арнайы комиссия соңғы отырысының қорытындысы бойынша 24 млрд теңгенің активтері мемлекетке қайтарылды.

Активтерді қайтару жөніндегі комитет Арнайы мемлекеттік қорды 2,2 млрд теңгеге толықтырды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аталған қаражат елдегі су тасқынының салдарын жоюға бағытталды.

Сонымен қатар, бейінді заңның мақсаттарына сәйкес келешекте өндірілетін қаражат та зардап шеккен өңірлердің әлеуметтік жобаларына бағытталатын болады.

Өзгелердің жаңалығы