23 қарашада ауа райы қандай болады

23 Қараша 2023, 08:02
624
Бөлісу:
23 қарашада ауа райы қандай болады

Синоптиктер 23 қарашадағы ауа райын болжады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазгидрометтің хабарлауынша, елдің басым бөлігіне Оңтүстік-Каспий циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронт әсерінен жауын-шашын болады.

Солтүстік-батыста, оңтүстік-батыста, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр, қар түріндегі қатты жауын-шашын түседі. Республика бойынша тұман болады, көктайғақ, солтүстік-батыста жел күшейеді.

Қостанай облысының оңтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, Түркістан облысының тау асуларында жел 23-28 м/с, кейде екпіні 30 м/с және одан да көп болады деп күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы