Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин 23 қарашада «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының Ленин шахтасындағы апатты тексерудің қорытындылары жарияланатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23 қарашада қорытынды жариялаймыз. Біз БАҚ өкілдерін жинап тергеп-тексерудің қорытындысын жариялаймыз. Қазір комиссия жұмыс істеп жатыр», - деді Юрий Ильин Үкімет кулуарында.
Естеріңізге сала кетейік, 3 қарашада «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің Ленин шахтасында апат болып, 5 кенші қаза тапты. ТЖ фактісі бойынша ҚР ҚК 277-бабының 3-бөлігі («Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.