Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі бір тәуліктегі коронавирус індетінің ахуалына қатысты ақпараттарды жариялады.
769 адам індет жұқтырды
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 769 жағдай тіркелді.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 965 518 жетті.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында - 108,
Алматы қаласында - 119,
Шымкент қаласында – 14,
Ақмола облысында – 66,
Ақтөбе облысында - 10,
Алматы облысында - 22,
Атырау облысында - 5,
Шығыс Қазақстан облысында - 26,
Жамбыл облысында - 3,
Батыс Қазақстан облысында -5,
Қарағанды облысында - 110,
Қостанай облысында - 72,
Қызылорда облысында - 5,
Маңғыстау облысында - 2,
Павлодар облысында - 100,
Солтүстік Қазақстан облысында - 99,
Түркістан облысында - 3.
1482 адам індеттен айықты
Қазақстанда 1 482 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Нұр-Сұлтан қаласында - 100,
Алматы қаласында - 158,
Шымкент қаласында - 40,
Ақмола облысында - 76,
Ақтөбе облысында - 26,
Алматы облысында - 55,
Атырау облысында - 7,
Шығыс Қазақстан облысында - 56,
Жамбыл облысында – 12,
Батыс Қазақстан облысында - 149,
Қарағанды облысында - 157,
Қостанай облысында - 251,
Қызылорда облысында - 21,
Маңғыстау облысында - 0,
Павлодар облысында - 294,
Солтүстік Қазақстан облысында - 67,
Түркістан облысында - 13.
Елімізде барлығы 927 618 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
131 науқастың жағдайы өте ауыр
23 қарашадағы мәлімет бойынша 29 469 адам коронавирус инфекциясынан (25 323 КВИ+ және 4 146 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
6 281 пациент стационарда,
23 188 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
457 адамның жағдайы ауыр,
131 пациенттің жағдайы өте ауыр,
91 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
7,9 млн адам екінші компонентін алды
2021 жылғы 23 қарашада Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 8 650 815 адам, 2-ші компонентін 7 969 940 адам салдырды.