23 ақпанға арналған ауа райы болжамы

23 Ақпан 2022, 08:08
1378
Бөлісу:
23 ақпанға арналған ауа райы болжамы

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін солтүстік, орталық және шығыс өңірде қар жауып, көктайғақ күтіледі. Республиканың қалған аумағында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей өңірлерде тұман, екпінді жел болуы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Ақмола облысының солтүстік-батысы мен оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді, шығыс жартысында бұрқасын болады.

Түнде және таңертең Алматы облысының солтүстігінде тұман болжанады. Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.  

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с артады. Түнде және таңертең солтүстігінде және өңірдің таулы аудандарында тұман болады.  

Қостанай облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын жүріп, желдің күші 15-20 м/с артады. Өңірдің батысы мен оңтүстік-батысында тұман күтіледі.   

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман, түнде шығысында, күндіз солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Күндіз өңірдің солтүстігінде, батысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.  

Павлодар облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.  

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде бұрқасын болады. Жарма ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау облысының батысында, орталығында солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, түнде және таңертең Маңғыстау облысының орталығында тұман болжанады.

Өзгелердің жаңалығы