+22°С: Қазақстанда қазан айының соңғы күндері қай өңірлерде күн ерекше жылынады?

2026 жылғы 29–31 қазанға арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамы жарияланды.

28 Қазан 2026, 14:47
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов 28 Қазан 2026, 14:47
28 Қазан 2026, 14:47
253
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Синоптиктердің болжауынша алдағы күндері елде ауа райы күрт жылынады.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, қазан айының соңғы күндері Қазақстанның батыс бөлігінің тұрғындарын жылы әрі қолайлы ауа райы қуантады. Бұл өңірде ауа райын ауқымды антициклон қалыптастырады. Ал еліміздің солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ оңтүстік облыстардың таулы аудандарында атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын (негізінен қар түрінде) күтіледі.

Түнгі уақытта еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы 0°С-тан төмен болады. Күндіз елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы 0…+5°С-тан +5…+10°С-қа дейін құбылады. Ал республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа +17…+22°С-қа дейін жылынады, - деп болжайды синоптиктер.

Айта кетейік, бұған дейін «Қазгидромет» РМК Қазақстанда биыл қыс қандай болатыны жөнінде болжам жасады. 

Наверх