Қазақстанда 5 күнде 22 адам суға кетті

20 Шілде 2019, 14:12
1859
Бөлісу:
Қазақстанда 5 күнде 22 адам суға кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының ыстық болуына байланысты суға шомылғысы келетіндердің қатары көбейді.

15-19 шілде аралығында еліміздің су қоймаларына шомылып жүрген 22 адам батып кетті. Арасында 8 бала бар. Олар рұқсат етілмеген жерде шомылған.

Бұл деректер Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, БҚО, Павлодар, Түркістан, Ақтөбе, Алматы, Қостанай, СҚО, ШҚО, Қарағанды облыстарында тіркелді.

Көбіне адамдар рұқсат етілмеген жерде, мас күйінде, жүзе алмау, балаларды қараусыз қалдыру салдарынан суға батып кетеді.

ҚР ІІМ ТЖК су қоймаларындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.


Өзгелердің жаңалығы